Қауіпті объектілер иелерінің АҚЖ МС
Егер сұрақтарыңыз бар болса - жазыңыз немесе қоңырау соғыңыз .
Сақтандыру 12.07.2004 жылғы ҚР «Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» Заңының негізінде жүзеге асырылады.
Қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объектiлер иелерiнiң азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру (бұдан әрi - объектiлер иелерiнiң жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру) объектiсi қауіпті өндірістік фактор өзінің үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына және (немесе) мүлкiне келтірген зиянды өтеудiң қызметi үшiншi тұлғаларға зиян келтiру қаупiмен байланысты объект иесiнiң Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген мiндетiне байланысты мүлiктiк мүддесi болып табылады.
Қауіпті объектілерді сақтандыру міндетті болып табылады!
Қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қаупімен байланысты объектіні объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасамай пайдалануға тыйым салынады.
Сақтандыру жағдайы дегеніміз не?
Сақтандыру жағдайы деп үшінші тұлғалардың өміріне, денсаулығына және (немесе) мүлкіне зиян келтіруге әкелген, объекттегі авария, инцидент фактісі танылады.
Сақтандыру мерзімі
ҚОИ АҚЖ МС сақтандыру полисі он екі айға жасалады. Объект иесі қызметін он екі айдан аз мерзімде жүзеге асырған жағдайда, объектілер иелерінің жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарты қызметті жүзеге асыру мерзіміне, бірақ кемінде алты айға жасалады.
Сақтандыру арқылы қорғаудың қолданылу аумағы
Қазақстан Республикасының аумағы.