Жекеше нотариустардың АҚЖ МС
Егер сұрақтарыңыз бар болса - жазыңыз немесе қоңырау соғыңыз .
Мiндеттi сақтандыруға нотариаттық іс-әрекеттерді жасауға берілетін лицензиясы бар жекеше нотариустың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады.
Қазақстанда жекеше нотариустарды міндетті сақтандыру 2003 жылғы 11 маусымдағы № 435-II «Жекеше нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн мiндеттi сақтандыру туралы» жеке заңымен реттеледі.
Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу мiндетiне байланысты мүлiктiк мүдделерi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiн сақтандыру объектiсi болып табылады.
Сақтандыру жағдайы дегеніміз не?
Жекеше нотариустың нотариаттық іс-әрекеттерді жасауы нәтижесiнде үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды өтеу бойынша сақтанушының азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгiнің басталу фактісі.
Сақтандыру құны
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшерi тараптардың келiсiмi бойынша белгiленедi, бiрақ сақтандыру сомасының 4,5% көп болмауға тиiс.
Сақтандыру сомаларының ммөлшері
Жекеше нотариустардың АҚЖ мiндеттi сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасының мөлшерi келесіні құрауы тиіс:
Сақтандыру төлемі моральдық зиянды, ала алмаған пайданы өтеудi немесе тұрақсыздық айыбын төлеудi көздемейді.
Сақтандыру төлемі нақты залал мөлшерінде, бірақ сақтандыру сомасынан көп емес жасалады.
Сақтандыру төлемiнiң мөлшерiн Сақтандырушы үшiншi тұлғалар талап еткен сомаға немесе соттың келтiрiлген зиянды өтеу туралы шешiмi заңды күшiне енуiне орай айқындайды.