23.05.2025
1. «ТрансОйл» СК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысын 2025 жылы 27
маусымда сағат 11.00-де Алматы қаласы, Амангелді көшесі 59а, Шартас БО,
5 қабат, мекенжайы бойынша шақыру. Акционерлер мен жылдық жалпы жиналысына
қатысуға және дауыс беруге құқығы бар, акционерлердің тізімін жасау күні 2025
жылдың 20 маусымына белгіленді. Кворум болмаған жағдайда, акционерлердің
қайталама жылдық жалпы жиналысы 2025 жылғы 28 маусымда сағат 11.00-де жоғарыда
көрсетілген мекенжай бойынша өткізіледі.
2. «Трансойл» СК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібі келесі
редакцияда құрылсын:
1) «Трансойл» СК» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін
бекіту.
2) «Трансойл» СК» АҚ 2024 жылғы жылдық қаржылық есептілігін бекіту.
3) «Трансойл» СК» АҚ 2024 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту және жай
акциялары бойынша дивидендтер төлеу (төлемеу) туралы шешім қабылдау.
4) «Трансойл сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының «Корпоративтік
басқару кодексін» бекіту.
5) «Трансойл сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамының «Директорлар кеңесі
туралы ережені» бекіту.
6) «Трансойл» СК» АҚ тәуелсіз директорын сайлау.
7) Директорлар кеңесінің мүшелеріне өз міндеттерін орындағаны үшін сыйақы мен
шығыстарды өтеу мөлшері мен шарттарын айқындау.
8) «Трансойл» СК» АҚ 2025 жылға арналған аудит жүргізу үшін аудиторлық ұйымды
анықтау.
9) Акционерлердің "ТрансОйл" СК" АҚ және оның лауазымды тұлғаларының іс-
әрекетіне өтініштері және оларды қараудың қорытындылары туралы.
10) Акционерлерді 2025 жылғы 01 қантардағы жагдай бойынша «ТрансОйл» « СК» АҚ тәуекелдерін бағалау жүйесінің
коэффициенттерін талдау туралы хабардар ету.
11) Акционерлерді "ТрансОйл" СК" АҚ директорлар Кеңесінің және Басқармасының
мүшелеріне сыйақы беру мөлшері мен құрамы туралы хабардар ету.