
26.05.2026
Құрметті сақтанушылар (клиенттер)!
Осы арқылы 2026 жылғы «25» мамырда «AXIS Insurance» Сақтандыру компаниясы» АҚ акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысының шешімі негізінде « AXIS Insurance » Сақтандыру компаниясы» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) атауының өзгеруіне байланысты мемлекеттік қайта тіркеу жүргізілгені туралы хабарлаймыз.
Қоғамның фирмалық атауы «Tauran Insurance» Сақтандыру компаниясы» Акционерлік қоғамы болып өзгертілді (қысқартылған атауы – «Tauran Insurance» СК» АҚ).
Атаудың өзгеруі қолданыстағы сақтандыру шарттарына әсер етпейді, тараптардың құқықтары мен міндеттері толық көлемде сақталады. Бұрын жасалған барлық сақтандыру шарттары бұрынғы талаптар бойынша өз күшінде қалады.
Сұрақтар туындаған жағдайда Қоғамның байланыс телефондары немесе ресми электрондық поштасы арқылы хабарласуыңызға болады.
Тел.: +7 (727) 339-23-00
E-mail: info@transoil.kz