TransOil post banner

16.02.2024

Қысқа нөмір

Сақтандыру төлемдерін кепілдендіру қоры «Европротокол» контакт-орталығының қысқа нөмірін - 2570 іске қосты.

Коммуникация арналарының қарапайымдылығы мен жайлылығын арттыру мақсатында ФГСВ контакт-орталықпен байланысу үшін қысқа нөмірді іске қосты.


2570 қысқа нөміріне қоңырау шалып, автокөлік иелері «Европротокол» бойынша туындайтын кез келген сұрақтар бойынша консультация ала алады.

Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін. Сонымен қатар, «Европротокол» қызметінің пайдаланушылары үшін жалпы ыстық желі нөмірі: +7 (727) 339 13 88 бұрынғыдай қолжетімді.

2024 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстанда сақтандыру саласында жаңа қызмет - Европротокол іске қосылды. «Европротокол» жол полициясын шақырмай-ақ ЖКО-ны рәсімдеуге және сақтандыру компаниясынан жылдам өтемақы алуға мүмкіндік береді. Оны пайдалану үшін App Store және Google Play-ден мобильді қосымшаны тегін жүктеп алу жеткілікті. Оның арқылы сақтандыру оқиғасын жеке тұлғаларға да, заңды тұлғаларға да, соның ішінде Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғаларға да рәсімдеуге болады.
Европротокол туралы толық ақпаратпен сайттан танысуға болады. ipgf.kz.