Корпоративтік оқиғалар

Корпоративтік оқиғалар

Қоғамның фирмалық мөрін ауыстыру туралы

Бұйрық № 59-ПР

Алматы қаласы                                                                                                      «02» желтоқсан 2024 жыл

Қоғамның фирмалық мөрін ауыстыру туралы

Қоғамның фирмалық мөрінің жазуы мен өлшемінің өзгеруіне байланысты

БҰЙЫРАМЫН:

  1. АО «Страховая компания «ТрансОйл» ескі үлгідегі фирмалық мөрін (үлгі 1) «02» желтоқсан 2024 жылдан бастап қолданылмайтын және күшін жойған деп танылсын.
  2. «02» желтоқсан 2024 жылдан бастап барлық тұлғалармен және АО «Страховая компания «ТрансОйл» қызметін жүзеге асыру үшін жаңа үлгідегі мөрді (үлгі 2) қолдану белгіленсін.
  3. Ескі үлгідегі мөрді жою үшін комиссия құру:

Комиссияның төрағасы: - Басқарма төрағасының орынбасары Ақбергенов А.И.;

Комиссия мүшелері: бас бухгалтердің орынбасары Исаханова К.Ж.;

                                 Әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Ильясов З.К.

Мөрді ауыстыру туралы бас бухгалтер Филимонова Н.В.-ға АО «Страховая компания «ТрансОйл» есепшоттары ашылған банктерді банк карточкаларын қол қою үлгілері мен мөрдің таңбасын ауыстыру арқылы хабардар ету.

Ақпараттық технологиялар департаментінің директоры Зинченко С.Н. осы бұйрықты АО «Страховая компания «ТрансОйл» сайтында орналастыруы тиіс.

Бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

Мөрлердің үлгілері:

 

«ТРАНСОЙЛ САҚТандыру КОМПАНИЯсы» АҚ жарияланған акцияларын орналастыру туралы.

ХАБАРЛАНДЫРУ!

 

«ТрансОйл СК» АҚ (бұдан әрі – Қоғам) жарияланған акцияларын орналастыру туралы 2024 жылғы 26 шілдедегі Директорлар кеңесінің шешімі туралы «ТрансОйл» СК» АҚ акционерлеріне хабарлаймыз.

1.  Қоғамның (БСН 940840000211) жай акциялары 430 000 (төрт жүз отыз мың) дана мөлшерінде орналастырылсын.

Акциялар шығарылымын мемлекеттік тіркеу күні – Қоғамның жай акциялары жарияланған акциялар саны шегінде орналастырылады (ISIN коды KZ1C00001692), «Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі» РММ берген 2024 жылғы 25 шілдедегі мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

2.  Орналастыру бағасы – бір жай акцияға 2 326 (Екі мың үш жүз жиырма алты) теңге. Орналастыру бағасы осы орналастыру шегінде Қоғамның жай акцияларын сатып алатын барлық тұлғалар үшін бірдей.

3.  Орналастыру тәсілі – басымдықпен сатып алу және жазылу құқығымен.

4.  «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 16-бабының 2-тармағына сәйкес Қоғам акционерлеріне корпоративтік және/немесе ҚЕД веб-сайтында жариялау арқылы орналастырылған акцияларды олардың басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес осы шешіммен белгіленген орналастыру бағасы бойынша акционерлердің иелігіндегі акцияларға пропорционалды тең шарттармен сатып алу ұсынылсын.

5.  Заңның 16-бабының 2-тармағына сәйкес, акционер орналастырылған жай акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алуға өтінім бере алатын мерзім – акцияларды орналастыру туралы хабарлама жіберілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде белгіленсін (бұдан әрі – Мерзім).

6.  Орналастырылатын жай акцияларды басымдықпен сатып алу құқығы бар акционерлердің тізімі Қоғамның бағалы қағаздарын ұстаушылардың тізілімдерінің 26.07.2024 жылғы сағат 00.00-дегі (бұдан әрі – Тізілімді бекіту күні) деректері негізінде қалыптастырылсын.

7.  Орналастырылған (қоғам сатып алғандарын шегеріп) жай акциялар санының орналастырылатын жай акциялар санына қатынасы 31,62% құрайды.

Әрекеттегі акционерлер басымдықпен сатып алу шеңберінде сатып алуға құқылы акциялардың саны Тізілімді бекіту күнінде олардың меншігінде тұрған жай акциялардың санын орналастырылған (қоғам сатып алғандарын шегеріп) жай акциялар санының орналастырылатын жай акциялар санына қатынасына бөлу арқылы анықталады.

8.  Орналастырылатын жай акцияларды басымдықпен сатып алу құқығына сәйкес сатып алу шарттары – орналастыру Қоғамның жай акцияларын ұстаушылар – акционерлер арасында Тізілімді бекіту күнінде келесі тәртіппен жүзеге асырылады:

-    әрекеттегі акционерлер Қоғамның орналастырылатын жай акцияларын Орналастыру бағасы бойынша өздерінде бар Қоғамның жай акцияларының санына пропорционалды тең шарттармен сатып алуға Мерзім ішінде өтінім беруге құқылы;

- басымдықпен сатып алу құқығымен сатып алынатын акцияларға төлемді акционер оларды сатып алуға өтінім берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырады;

- келіп түскен өтінімдерді іс жүзінде орындауды және акцияларды басымдықпен сатып алу және жазылу құқығымен акционерлерге беруді Қоғам акционерлер, инвесторлар акцияларды төлегеннен кейін және акционер (төленгеннен кейін екі жұмыс күні ішінде) акциялардың оның «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ шотына есептелгені туралы бұйрықты ұсынғаннан кейін жүзеге асырылады.

-    акцияларды сатып алу туралы өтінім берілген күннен бастап бес күндік мерзім өткен соң олар төленбеген жағдайда, өтінім жарамсыз деп танылады.

9.  Қоғамның орналастырылатын жарияланған акцияларын сатып алуға өтінімдерді тіркеуге уәкілетті тұлға болып Т.В. Коновко тағайындалсын, телефоны: +7 (727) 394 88 36; электрондық пошта – info@transoil.kz.

10.  Өтінімдерді қабылдаудың келесі тәртібі белгіленсін:

Акционер орналастырылатын акцияларды сатып алуға өтінім беретін пошта мекенжайлары: Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қ., Мұстафа Өзтүрік к-сі, 7-а немесе info@transoil.kz электрондық поштасы арқылы жібереді.

Акционерлер өтінімдерді табысталғаны туралы ескертумен тапсырыс хат арқылы жібереді немесе тікелей келесі мекенжайға қолма-қол тапсырады: Қазақстан Республикасы, 050057, Алматы қ., Мұстафа Өзтүрік к-сі, 7-а немесе info@transoil.kz электрондық поштасы арқылы жібереді.

Өтінімдерді тіркеуге уәкілетті тұлға әрбір өтінімде оның қабылданған күні мен уақытын көрсетеді және қабылданған өтінімдерді арнайы журналда тіркейді.

Акционерлердің өтінімдері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк Басқармасының 2018 жылғы 29 қазандағы №253 қаулысымен бекітілген Акционерлік қоғам акционерлерінің бағалы қағаздарды басымдықпен иелену құқығын іске асыру және одан бас тарту қағидаларының талаптары ескеріле отырып рәсімделуі тиіс.

ЖАМБЫЛ ФИЛИАЛЫ АО «СК «ТРАНСОЙЛ» 2024 ЖЫЛЫ 1 ТАМЫЗДАН БАСТАП ӨЗІНІҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТАТЫНДЫҒЫН ХАБАРЛАЙДЫ.

Жамбыл филиалы АО «СК «ТрансОйл», БИН 011241004277, 2024 жылғы 01 тамыздан бастап өз қызметін тоқтататынын хабарлайды.

Талаптар жарияланым шыққан күннен бастап екі ай ішінде қабылданады: ҚР, Тараз қаласы, Казбек Би көшесі, 179, пәтер 3.

тел. 8 (7262) 45-67-47

«ТрансОйл» СК» Щучинск филиалы, 2024 жылдың 01 наурызнан бастап өзінің қызметiн тоқтатқаны туралы хабарлайды.

«ТрансОйл» СК» Щучинск филиалы БСН 970341002974, 2024 жылдың 01 наурызнан бастап өзінің қызметiн тоқтатқаны туралы  хабарлайды.

Талаптар  осы  хабарландыру  жарияланған  күннен  бастап  екі  ай  мерзімі  ішінде мына мекенжайда қабылданады: ҚР, Щучинск қаласы, Әуезов көшесі, 45,

тел. 8 (7163) 64 51 96.